“Ордабасы” футбол клубының президенті кеңесшісі қызметіне Ермұхамед Мәулен тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл жайында клубтың баспасөз қызметі жазды.
"Ермұхамед Мәулен осыған дейін Қазақстан футбол федерациясының Қоғаммен байланыс және комуникациялар департаментінің директоры, ҚФФ президенті кеңесшісі және Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы болып еңбек еткен. “Ордабасы” футбол клубына қош келдіңіз дейміз!", - деп жазылған ақпаратта.