СҚО-да полицейлер Әзербайжаннан келген үш ағайындыға көмек көрсетті

/
СҚО-да полицейлер Әзербайжаннан келген үш ағайындыға көмек көрсетті
Polisia.kz

Мамлютка — Қостанай автожолында техникалық ақауға байланысты Әзербайжан Республикасынан келген үш ағайынды шамамен екі тәулік бойы жолда қалып қойған. Олар DAF және Iveco жүк көліктерімен Түркияға жасымық тасымалдап бара жатқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

13 қаңтар күні түнгі аялдама кезінде көліктердің бірін сөндіруге мәжбүр болған. Қауіпсіздік дабылын қосу үшін қозғалтқышты өшіру қажет болған, алайда дизель отыны қатты аяздан қатып қалған. Қиын жағдайға тап болған шетел азаматтарына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері және Преснов ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері бірлесіп көмек көрсетті.

СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірлесіп, Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шетелдік жүргізушілерге белсенді түрде көмек көрсетіп, тәулік бойы барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етті. Бұл жұмысқа бөлім бастығы Асылбек Тоқтамысов тікелей өзі жетекшілік етті. Қатты аяз салдарынан техника оталмағандықтан, көлікті шамдарының көмегімен жылытуға тура келді. Полицейлер жүргізушілерге жәрдем беру үшін тіпті жеке құралдарын да әкелген. Жергілікті атқарушы органдар жүргізушілерді түнейтін орынмен және тамақпен қамтамасыз етті, ал полиция қызметкерлері жүк пен көліктің қауіпсіздігін бақылауда ұстады. Жылыту жұмыстары келесі күннің көп бөлігін алды, одан кейін жөндеу жүргізіліп, тек 15 қаңтар күні таңертең ағайындылар сапарын жалғастырды.

Полиция қызметкерлері қыста жүргізушілерді көліктердің техникалық жағдайын мұқият бақылауға және алыс сапарларға алдын ала жан-жақты дайындалуға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары