Павлодар облысында өрт болып, екі бала қаза тапты

/
Павлодар облысында өрт болып, екі бала қаза тапты
istockphoto.com

Бүгін Павлодар облысының Ертіс ауылында жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «101» қызметін жеке тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама бүгін сағат 08:33-те түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толықтай отқа оранған: жиһаздар, тұрмыстық заттар мен шатыр жанып жатқан, қою түтін байқалған.

«Күрделі жағдайға қарамастан, өрт сөндірушілер алғашқы минуттардан бастап зардап шеккендерді іздеуге кірісті. Өрт сөндірушілер кәмелетке толмаған үш баланы құтқарып, оларды жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Тағы бір бала өрт сөндірушілер келгенге дейін құтқарылды. Алайда, өкінішке қарай, кәмелетке толмаған екі бала ауруханада көз жұмды», – деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Өрт 50 шаршы метр аумақта сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖД тұрғындарды өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, электр сымдары мен жылыту құрылғыларының жарамдылығын қадағалауға, сондай-ақ тұрғын үйлерге қауіпті дер кезінде ескертіп, адам өмірін сақтауға қабілетті автономды өрт дабылқаққыштарын орнатуға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары