Air Astana ұшақтары Иранның әуе кеңістігін айналып ұшатын болды

/
Air Astana ұшақтары Иранның әуе кеңістігін айналып ұшатын болды
Air Astana

Air Astana ұшақтары Иранның әуе кеңістігін айналып ұшады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Компания мәліметінше, бұл Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты жасалып отыр.

«Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттық жолдарының өзгерістері туралы хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран әуе кеңістігін айналып ұшады

Air Astana жағдайды мұқият бақылайды.

Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстер кестесінде өзгертулер болады», - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары