Солтүстік Қазақстан облысының Береке ауылында 29 жастағы ер адам бірге ішімдік ішкеннен кейін танысын монтировкамен ұрып өлтірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 32 жастағы марқұмның мәйітін оны қардың үстімен сүйреп әкеліп, қоршаудың жанына тастап кеткенін көршісі анықтаған.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 29 жастағы ауыл тұрғыны алкогольдік ішімдіктерді бірге ішкеннен кейін туындаған жанжал барысында 32 жастағы жәбірленушіге өміріне қауіпті дене жарақаттарын салған», — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Іс бойынша екі күдікті бар. Екінші ер адамның қылмысқа қатыстылығы нақтыланып жатыр. Екі күдікті де ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды.