Қостанай облысында дәрігер әріптесін аяусыз ұрып-соққан

/
Қостанай облысында дәрігер әріптесін аяусыз ұрып-соққан
istockphoto.com

21 желтоқсанда  Қостанай аудандық ауруханасында хирург-дәрігер өз әріптесін жұмыс орнында ұры-соққан. Бұл туралы Қостанай облыстық «Құқық қорғау орталығы» мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Барлық ақпаратқа сәйкес, оқиға Тобыл қаласындағы аудандық ауруханада болған. Терапевт шап жарығына күдікпен келген науқасқа кеңес беру үшін шұғыл хирургты шақырған. Хабарланғандай, телефон арқылы сөйлесу кезінде хирург шақыруға наразылығын білдірген, ал біраздан кейін әріптесін ординатор бөлмесіне шақырып, жерде, құқық қорғаушылардың айтуынша, жанжал төбелеске ұласқан: хирург терапевттің басына, бетіне және мойнына соққы берген. Зардап шеккен дәрігер болған оқиғаны жасырып қалмай, полиция шақырып, ресми түсініктеме беріп, дене жарақаттарын тіркеу үшін медициналық куәландырудан өткен.

Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады:

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Олардың қорытындысы бойынша заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады».

Еске салсақ, Қазақстанда дәрігерлерге жасалған шабуыл үшін жаза күшейтілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін Қылмыстық кодекске 380-3-бапты енгізетін заңға қол қойды. Жаза құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты белгіленеді. Қорқыту үшін 200–500 АЕК (2,1 млн теңгеге дейін) айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Өмірге қауіпті емес зорлық-зомбылық үшін – 1000 АЕК дейін айыппұл немесе 2–3 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда жаза 7 жылға дейін ұлғаяды. Өмір мен денсаулыққа қауіпті зорлық-зомбылық үшін – 5–10 жылға дейін бас бостандығынан айыру; ауырлататын жағдайларда – 12 жылға дейін түрме жазасы көзделген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары