Үш күнде заңсыз айналымнан 340 қару тәркіленді

/
Үш күнде заңсыз айналымнан 340 қару тәркіленді
polisia.kz

Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық "Қару" жедел іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шараның нәтижесінде:

- заңсыз айналымнан 340 қару, және 2 мыңнан астам, оқ-дәрі тәркіленді;

- 14 криминалдық қару алынды, оның ішінде сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару;

- алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, нәтижесінде, 70 атыс қару тәркіленді;

- ел тұрғындары, өз еркімен 35 қаруды өз еркімен полицияға тапсырды.

Ішкі істер министрлігі еске салады: заңсыз сақталған қаруды, өз еркімен тапсырған азамат қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары