Павлодарда бірнеше көшені су басты

/
Павлодарда бірнеше көшені су басты
Скриншот

Павлодар қаласының бір көшесінде орталық су жүйесіне тиесілі магистральдық құбыр жарылып, бірнеше көшені су басып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қала әкімдігі апат болған аумақта ақауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады. Жөндеу аяқталғанға дейін тұрғын үйлердің бір бөлігі уақытша ауызсусыз қалады.

«Толстой және Мәшһүр Жүсіп көшелерінің қиылысындағы су құбырының 500 мм диаметрі зақымданғаны анықталды. Аталған авариялық учаскеде зақымданған жерлерді жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүлінген келген жерлердің барлығы қалпына келтірілгенше үйлердің біраз бөлігі суық судан ажыратылады», - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары