Павлодарлық әйел пәтерді жөндеу кезінде күйеуін пышақтаған

/
Павлодарлық әйел пәтерді жөндеу кезінде күйеуін пышақтаған
istockphoto.com

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында 49 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды. Пышақ қолданған әйелге 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың қараша айында ерлі-зайыпты азаматтық некеде тұратын жұп пәтерде бірге еден құйып жатқан. Ер адамға әйелдің жұмысы ұнамай, ол серіктесін арқасынан ұрған. Арада бірнеше минут өткен соң әйел жауап ретінде ер адамды арқасынан пышақтаған.

irbistv.kz хабарлағандай, жәбірленуші сотта шамамен 10 жыл бойы бірге тұрғандарын, алайда некені ресми тіркемегендерін айтты. Оның сөзінше, 2025 жылғы 28 қараша күні олар күні бойы пәтерде болып, ішімдік ішіп, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Еденді дұрыс құймау салдарынан жанжал шыққан. Ер адам пышақ жарақатын қалай алғанын көрмегенін, біраз уақыттан кейін ауруханада есін жиып, оған ота жасалғанын жеткізді. Сондай-ақ соттан әйелін бас бостандығынан айырмауды сұрағаны үкімде көрсетілген.

Оқиғадан кейін әйел өз әрекетіне өкініп, жедел жәрдем шақырған. Алайда жәбірленушінің өтінішіне қарамастан, сот оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары