Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды

/
Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды
otyrar.kz

Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл ақпаратты полиция растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Tengrinews.kz мәліметінше, қазіргі таңда 28 жастағы қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Іздеу жұмыстарына қалалық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қалаға кіреберіс және шығаберіс жолдарда бақылау күшейтіліп, аумақты тінту жұмыстары жүргізілді. Күдікті қала шегінен шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық аумақта табылып, ұсталды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін күдіктінің марқұм қыздың танысы екені анықталған. Қылмыстың себептері мен мән-жайын тергеу барысында анықталатын болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары