Қаңтар айында Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №64 мекемеде тыйым салынған заттарды алып өту әрекеттері анықталып, жолы кесілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Атап айтқанда, сәлемдемелерді қабылдау бөлмесінде жүргізілген тексерулер кезінде қызметкерлер азық-түлік өнімдерінің ішіне жасырылған тыйым салынған заттарды анықтады.
Олардың қатарында көлемі 0,5 литр болатын екі бөтелке алкогольдік ішімдік (алдын ала мәлімет бойынша — коньяк пен спирт), сондай-ақ телефондар мен оларға арналған жинақтаушы бөлшектер бар.
Аталған заттар мекеменің режимдік корпустарында жазасын өтеп жатқан адамдарға арналған.
Барлық анықталған факті бойынша тиісті материалдар рәсімделіп, тыйым салынған заттар тәркіленді.