Бейнеу ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметкері автотұрақ кезекшісі нарядында бола тұра ұялы телефон арқылы өзінің тик-ток парақшасынан тікелей эфирге кіріп, Шекара басқармасы басшысының ұялы телефон пайдалануға тыйым салған бұйрығын қасақана орындамаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
ҚР Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі №364 Жарлығының 12-тармағы 5) тармақшасына сай, командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарын дәлме-дәл және мерзімінде орындауға міндетті.
Сот отырысында әскери қызметкер өз кінәсін мойындап, отбасының жалғыз асыраушысы екенін, төрт баласы бар екенін айтып, жеңіл жаза қолдануды сұрады.
Жазаны тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде істеген әрекетіне өкінуін танып, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 25 айлық есептік көрсеткіштің 30% мөлшеріне дейін қысқартып 68810 теңге айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енді.