Көкшетау қаласының автовокзалы аумағында пайдаланылмай тұрған дүңгіршек өртке оранды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға орнына келген ТЖД күштері өртті 9 шаршы метр аумақта жедел сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала себеп — электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Өрт шыққан жағдайда 101 және 112 нөмірлеріне хабарласыңыз.