«Сендей ана берген Аллаға мың алғыс»: Мақпал Жүнісованың қызы көптің жүрегін елжіретті

/
«Сендей ана берген Аллаға мың алғыс»: Мақпал Жүнісованың қызы көптің жүрегін елжіретті
коллаж: turkystan.kz

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова жақындарын динап, туған күніп атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кеште қызы Мерей Заманбекқызы да анасына гүл шоқтары мен ақ тілегін арнап, көптің жүрегін елжіретті.

«Жаным мамам, әрқашан сенің қасыңдамын. Сен де менің қасымда жүре бер. Ертең Алла қаласа мен де күйеуге шығып, сәбилі болғаныма куә болуды жазсын. Қастарында әдемі әжесі болып жүре бер. Соған қатты қуанамын. Сені қатты жақсы көремін. Сендей ана берген Аллаға мың алғыс», –  деді ол.

Желі қолданушылары Мерейге риза болып, жылы лебіздерін білдірді.

«Айналайын, ақылдым сол. Анаң да, өзің де бакытты бол!», «Жаным, Мерейканың тілегі қабыл болсын», «Мерейдің тілегіне біз де қосыламыз. Асыл арманы орындалып, бір басы екеу болып, сізді қуанта берсін, Мақпал әпке!», «Мерейдің бағы ашылсын», «Жақсы, ақылды қыз. Аман болып, анашыңды қуанта бер», - деп жазды олар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары