БҚО-да Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы ұсталды

/
БҚО-да Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы ұсталды
istockphoto.com

ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Комитеттің мәліметінше, соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

"Көрсетілген тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен.

Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыдан құжатталған.

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,9 млрд теңгені құрады", - делінген хабарламада. 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары