Юлия Путинцева Аделаида турнирінде негізгі жарысқа жолдама алды

/
Юлия Путинцева Аделаида турнирінде негізгі жарысқа жолдама алды
ҚТФ

Қазақстанның екінші, әлемнің 74-ракеткасы Юлия Путинцева Аделаида (Аустралия) WTA 250 турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен түйіндеді.

Қазақстандық теннисші іріктеудің финалында әлемнің 46-ракеткасы, чехиялық Мари Боузковамен бетпе-бет келді.

Бірінші партияда Путинцева 6:4 есебімен басымдылық танытты. Екінші сетте тай-брейкте азулы қарсыласын тықсырды – 7:6 (7:0).

Екі сағат 20 минутқа созылған тартысты бәсекеде Ю.Путинцева 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Боузкова 1 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Юлия Путинцева Аделаида турнирінде негізгі жарысқа жолдама алды. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары