«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 11 қаңтарда сағат 08:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды.
Жетісу облысы
• республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164- шақырымы (Көктұма ауылы – Достық станциясы).
Ақтөбе облысы
• РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240-шақырымы (Қарабұтақ кенті – Қызылорда облысының шекарасы).
Қызылорда облысы
• осы автожолдың 1240-1362-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы).
Жабық жолдар
Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» авто жолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Сонымен бірге «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.