Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстады

/
Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстады
Әлеуметтік желіден

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған turkystan.kz.

"2024 жылдың соңында құрылған U22 құрамасының жобасы өз жұмысын тоқтатады, алайда аталмыш команда боксшылары ұлттық құрама сапына қосылады.

Бақыт Сәрсекбаев бұдан былай жастар құрамасының тізгінін ұстайды. Ол бұл қызметте Мақсат Бақтыбазаровтың орнын басты.

Сәрсекбаев Бақыт Абдрахманұлы 29.11.1981 жылы дүниеге келген.

Олимпиада чемпионы (Бейжің-2008), Азия Ойындарының жеңімпазы (Доха 2006), үш дүркін Азия чемпионы.

2024 жылы желтоқсан айынан U22 командасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды", - делінген федерация хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары