Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне Нұржан Насанов тағайындалды.
Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, Нұржан Нишанұлы 1975 жылы дүниеге келген.
2016 жылы жаттықтырушы мансабын бастаған. 2024 жылдың тамыз айынан ұлттық құраманың жаттықтырушысы.
Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай және тағы басқа боксшыларды тәрбиелеген.
Нұржан Насанов Қайрат Сәтжановты алмастырды.
Қайрат Тұрсынханұлы 2024 жылдың тамыз айынан бастап ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарды.
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысының жетекшілігімен ерлер командасы көптеген халықаралық турнирлерде топ жарып, әлем чемпионатының жүлделерін иеленді. 35 жылдан аса тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты бұл қызметтен бас тартуына тура келді.