Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов қызметінен кетті

/
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов қызметінен кетті
Фото: ҰОК

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов қызметінен кетті.

Ол ұлттық құрама тізгінін Париждегі сәтсіздіктен кейін ұстаған еді.

«ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысының жетекшілігімен ерлер командасы көптеген халықаралық турнирлерде топ жарып, әлем чемпионатының жүлделерін иеленді. 35 жылдан аса тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты бұл қызметтен бас тартуына тура келді. Қайрат Тұрсынханұлына отандық бокс қауымдастығының атынан алғыс білдіреміз!» - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Сәтжанов денсаулығына байланысты қызметтен осымен екінші рет кетіп отыр. Оның алдында 2021-2023 жылдары да бас бапкер болған еді.

Өткен жылы ұлттық құрама оның жетекшілігімен Ливерпульдегі әлем чемпионатында 4 алтын жеңіп алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары