КСРО құрамасының сапында екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған баскетболшы Ульяна Семенова өмірден өтті. Ол 74 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Латвия баскетбол қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
«Біз Ульянаны білген, құрметтеген және жақсы көрген жандардың бәріне, сондай-ақ оның отбасына қайғыра көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.
Семенова екі дүркін Олимпиада чемпионы (1976, 1980), үш дүркін әлем чемпионы (1971, 1975, 1983), сондай-ақ Еуропа чемпионы атағын он рет жеңіп алған. Ол Ригадағы ТТТ клубының құрамында Еуропа чемпиондар кубогін (әйелдер Еуролигасы) 11 рет иеленген.
Семенова FIBA Даңқ залына (2007 жылдан) және Баскетбол Даңқ залына (1993 жылдан) енгізілген.
Семенова – ең көп атаққа ие кеңестік баскетболшы. Бойы 210 см болған ол тарихтағы ең бойшаң баскетболшы ретінде танылған.