Алматы тұрғындары актер Мұрат Бисенбинді ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды turkystan.kz.
24KZ телеарнасының мәліметінше, қоштасу рәсімі Алматыдағы Орталық мешітте өтті.
«Рэкетир» фильмінің жұлдызын ақтық сапарға шығарып салуға жүздеген адам жиналды. Олардың қатарында танымал мәдениет қайраткерлері де болды.
Айта кетейік, танымал актер 8 қаңтар күні 53 жасында қайтыс болды. Оның қазасын қызы Диана Болатова хабарлады.
2025 жылдың күз айында актерге қатерлі ісік диагнозы қойылған еді. Актер ұзақ уақыт ауыр дертпен күресті.
Актер Мұрат Бейсинбинді Алматыда ақтық сапарға шығарып салды