Екібастұзда өртенген тұрғын үйден 41 жастағы ер адамның денесі табылды

/
Екібастұзда өртенген тұрғын үйден 41 жастағы ер адамның денесі табылды
Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қаласындағы жеке тұрғын үйде шыққан өрт кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері ер адамның мәйітін тауып, үш әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқан видеосы тарады. Полицияның мәліметінше, аталған үйде тұрған адамдар асоциальды өмір салтын ұстанған.

«Өрт салдарынан шатырдың ағаш конструкциялары, үй ішіндегі жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып кетті. Өртті сөндіру барысында үш әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Сондай-ақ 1984 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрт сағат 21:37-де толық сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары