Мәдениет және ақпарат министрлігі М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрын қайта жаңғырту жұмыстарының тоқтап қалғаны туралы ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстарының баяу жүріп жатқаны немесе тоқтатылғаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты министрлік аталған мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
"Нысанды қайта жаңғырту жұмыстары тоқтатылған жоқ. Қазір жоба жаңа қаржы жылының басталуын күтуде, содан кейін белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыстарды жалғастыру үшін қажетті қаражат бөлінеді.
Нысандағы жөндеу жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында. М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту оның тарихи және мәдени құндылығын сақтауға қойылатын барлық талаптарды сақтай отырып, толық аяқталатын болады", - делінген хабарламада.