Маскадағы жігіт ерекше баласы бар отбасыға үй сыйлады (ВИДЕО)

/
Маскадағы жігіт ерекше баласы бар отбасыға үй сыйлады (ВИДЕО)
коллаж turkystan.kz

Әлеуметтік желіде "Бетперделі адам" лақап атымен танымал блогер ерекше баласы бар отбасыға үй сыйлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Бұл жолғы кейіпкер – Нағима. 49 жаста. Ол екі ерекше баланы тәрбиелеп отыр, ал оның күйеуі — саңырау әрі мылқау. Көп жылдар бойы отбасы жалдамалы уақытша үйде тұрып келді.

Бетперде киген белгісіз адам отбасыға күтпеген әрі тағдырларын өзгерткен сыйлық жасап — пәтер тарту етті.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары