Көкшетауда пойыз қағып кеткен әйел ауруханада көз жұмды

/
Көкшетауда пойыз қағып кеткен әйел ауруханада көз жұмды

Көкшетауда теміржолда әйел адам пойыз дөңгелегінің астында қалып, қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Sinegor Instagram парақшасының мәліметінше, оқиға 8 қаңтар күні болған. Алдын ала деректерге сәйкес, жәбірленуші теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткен.

Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері жетіп, әйел адам аса ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның көптеген дене жарақатын алғанын, екі табаны мен бір көзінің травматикалық ампутацияланғанын анықтаған. Алайда көрсетілген медициналық көмектің нәтижесіне қарамастан, жәбірленушіні аман алып қалу мүмкін болмады. Кейін ол көз жұмды.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, теміржол көлігін пайдалану және қозғалыс ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары