Биыл Ұлттық қордан балаларға бөлінген ақша есепшотқа қашан түседі?

/
Биыл Ұлттық қордан балаларға бөлінген ақша есепшотқа қашан түседі?
istockphoto.com

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2026 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстан балаларына Ұлттық қордан төлемдер аударады. Бұл — «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясындағы үшінші төлем болмақ, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2008 жылы туған азаматтардың мақсатты жинақтау шоттарына мақсатты жинақтарды есептеу 2026 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Олар 18 жасқа толғаннан кейін Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен мақсатты мақсатта пайдалана алады», – делінген хабарламада.

Қордың мәліметінше, 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан азаматтығы бар барлық балалар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына енгізілген және оның қатысушылары болып табылады.

«2026 жылы 18 жасқа толатын балалар өздеріне есептелген мақсатты талаптарды (бала әлі 18 жасқа толмаған жыл үшін) БЖЗҚ-да ашылған мақсатты жинақтау шоттарына мақсатты жинақ түрінде алады», – деп қосты БЖЗҚ өкілдері.

2026 жылға бір балаға есептелетін мақсатты талаптар сомасы Қазақстан азаматтары болып табылатын балалар саны туралы деректерге (2025 жылғы 31 желтоқсан соңындағы жағдай бойынша) және Ұлттық банк ұсынған Ұлттық қордан балаларға есептелген мақсатты талаптардың жалпы сомасы туралы ақпаратқа негізделіп есептелген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары