АҚШ президентінің он сегіз жастағы немересі Кай Трамп Полдың 76 млн жазылушысы бар мега-инфлюенсер Логан Impaulsive подкастында жеке өмірі мен күзетшілеріне байланысты кездесетін қиындықтары туралы айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кайдың айтуынша, күзетшілері кез-клген жерде қасында жүреді. Оларға үйрену де оңай болмаған.
«Бұл қиын. Олар пайда болғанда бәрі қайта құру сияқты болды. Достарыммен, қыздармен уақыт өткізесің, ал сенің артында бір метрдей жерде үлкен жігіт тұрса, өте оғаш сезіледі», — деді ол.
Кай кездесулер тақырыбын да қозғады.
«Ашық айтсам, жігітпен кездесу кезінде, егер ол сенен артта, екі үстелден кейін отырса, өте ыңғайсыз. Бірақ мен мән бермеуге тырысамын», — деді ол.
Кай Трамп әлі отбасы құру туралы ойламайтынын да айтты. Ол алдымен спорттық мансабына, әсіресе гольфқа көңіл бөлуді жоспарлап отыр. Оның кәсіби дебюті сәтсіз болғанымен, ол осы бағытта дамуды жалғастыруды көздеп отыр.