«Рэкетир» фильмінде басты рөл ойнаған Мұрат Бисембин өмірден өтті

/
«Рэкетир» фильмінде басты рөл ойнаған Мұрат Бисембин өмірден өтті
жеке парақшасынан

Бүгін белгілі актер Мұрат Бисембин 54 жасына қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Суыт хабарды актердің қызы Диана Болатова мәлім етті.

“Шексіз жақсы көремін”, – деп қысқаша жазба қалдырды қызы әкесінің суретін жариялап.

Еске сала кетейік, Мұрат Бисембин бір жылдан астам уақыт бойы қатерлі ісікпен күресіп келген болатын. 2024 жылғы күзде оның диагнозы белгілі болып, жаңа жобалардан бас тартып, түсірілімдерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болған. Былтыр желтоқсанның соңында актер инсульт алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оған дейін отбасы оның жағдайы тұрақсыз екенін айтқан еді.

Кейінгі бір жарым жылда Мұрат Бисембин ауруханадан шықпай, ем қабылдап жүрген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары