2025 жылдың 31 желтоқсан күні барлығы 487 неке тіркелді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жас жұбайлардың басым бөлігі неке қиюды есте қаларлық ерекше күндерге жоспарлайтыны жасырын емес.
Жаңа жыл қарсаңында неке тіркеу саны ең көп болған 5 өңір:
Алматы қ. – 68 жұп
Түркістан облысы – 61 жұп
Астана қ.– 47 жұп
Жамбыл облысы – 37 жұп
Қарағанды облысы – 30 жұп
Күнтізбедегі осындай ерешке күндер отбасын құруды жоспарлаған азаматтар арасында дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие болып келеді», - делінген ақпаратта.