Бүгін түнде Астана қаласы Сарайшық ауданында Шарбақты көшесінде орналасқан кілем жуатын цехтардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар келген сәтте цех ішінде қою түтін болған. Құтқарушылардың күшімен цехтың ішіндегі бір автокөлік пен екі газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.
Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде кілем жуу құрылғылары мен шатырдың ағаш құрылымдарында болған өрт толықтай сөндірілді.
Өрттің жалпы ауданы 250 ш.м. құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.