Иманғали Тасмағанбетов марқұм Асанәлі Әшімовтың шаңырағына арнайы барды

/
Иманғали Тасмағанбетов марқұм Асанәлі Әшімовтың шаңырағына арнайы барды

6 қаңтар күні Асанәлі Әшімовтың қаралы шаңырағына жақында ғана қызметінен босатылған Иманғали Тасмағанбетов бас сұғып, дұға жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жайында ақын Маралтай Райымбекұлы әлеуметтік желіде жазған.

"Қақ төрдегі Асанәлі ағаның орнында кіші Асанәлі отырды. Баталы сөз бен аталы сөз осы кішкентай Асанәліге қарата айтылды. "Орнында бар оңалар" деген сөз еріксіз ойыма оралды. Иманғали аға Асанәлі ағаның жылдығына дейін естелік кітаптары мен Асанәлі ағаның Кеңсайдағы басын қарайтуға көмегін беретін болды. Асыл ағаның шырағы сөнбесін!", - деп жазды ақын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары