Атырауда жоғалған отбасы: Мейрамгүлді сіңілісі мен күйеу баласы өздерімен бірге алып кеткен

/
Атырауда жоғалған отбасы: Мейрамгүлді сіңілісі мен күйеу баласы өздерімен бірге алып кеткен
Ашық дереккөзден

Журналист Жанат Молдашова Facebook әлеуметтік желісінде Атырауда кісі қолынан қаза тапқан марқұм Мақсот Мұқанғалиевтің туысқаны Шалқар Мұқанғалиевтен алған сұхбатын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қыз бен күйеу бала 2 қараша күні таксимен келіп, 5 қарашаға дейін болған. Сонда Мейрамгүл солармен бірге кеткен. Оларды алып кеткен такси жүргізушісі соны айтып отыр. Бірақ олардың қасында Мақсот ағам мен Нәсіп жеңгем болмаған. Тек Мейрамгүл ілесіп кеткен. Ауыл халқы таңда малды шығарып жібереді де, үйлеріне кіріп, күні бойы телефонмен алданады ғой. Ешкім ешкімді іздемейді. Екісі мен бесінің аралығында қорадағы қойды кім шығарып, кім қамағанын да біле алмай отырмыз ғой. Мақсот ағам өзі шығарды ма, Нәсіп жеңгем қамады ма, ештеңе білмейміз. Ешкім көрмеген. Тек бесі күні ғана ауылдан таксимен шыққаннан кейін көршіге «Малды қамай салшы» деп жазған. 5 қарашада түскі сағат 14:00 кезінде таксимен шығып, кешкі бес жарым – алтыларда Атырауда, Геологта болған», - дейді Шалқар Мұқанғалиев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары