Доллар бағасы көтерілді

/
Доллар бағасы көтерілді
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 512,83 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,46 теңгеге жоғары, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 6 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы — 511,26 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 513,52 теңге, сату бағамы — 517,74 теңге. Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 513 теңгеден сатып алып, 520 теңгеден сатып жатыр. Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 513,62 теңгеден сатып алып, 517,04 теңгеден сатуда.

Еске сала кетейік, күндізгі сауда қорытындысы бойынша 29 желтоқсанда доллардың орташа өлшенген бағамы 0,52 теңгеге өсті, 30 желтоқсанда 1,58 теңгеге төмендеді, 31 желтоқсанда 3,02 теңгеге өсті, ал 5 қаңтарда 5,53 теңгеге жоғарылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары