Темекінің ең төменгі шекті бағасы көтерілді

/
Темекінің ең төменгі шекті бағасы көтерілді
istockphoto.com

Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төмен бөлшек сауда бағалары өзгертілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №196 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Құжатқа сәйкес фильтрлі және фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға, сондай-ақ қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағалары қайта белгіленді.

Өзгерістерге сәйкес, 2025 жылғы 15 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін темекі өнімдерінің ең төмен бөлшек сауда бағасы 920 теңге деңгейінде белгіленеді.

Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған өнімдерге ең төмен бөлшек сауда бағасы 970 теңге болады.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу тапсырылды. Сондай-ақ құжат Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Аталған бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары