Мойынқұм аудандық соты қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша 7 азаматқа қатысты 7 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот Тараз қаласының екі тұрғыны мен Мойынқұм ауданының бес тұрғыны ішкі істер органдарында есепте тұрмаған және қандай да бір құжаттарсыз қаруды (аңшылық мылтықтар мен патрондарды) заңсыз сақтағанын анықтады.
Сотта барлық құқық бұзушылар өз кінәсін мойындап, істеген істеріне өкініп, оларды қатаң жазаламауды сұрады.
Әрқайсысының кінәсі хаттамалармен, түсіндірмелермен, қару тіркелмегені туралы анықтамалармен және мамандардың қорытындыларымен дәлелденді.
Сот қаулыларымен 7 азамат ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.
Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот айыппұл сомасын 30%-ға төмендетті. Құқық бұзушыларға қару тәркіленіп, 55 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сот қаулылары заңды күшіне енді.