Журналист Гүлмира Әбіқай Атырау облысында 2 ай бұрын жоғалып кеткен отбасыға қатысты тың ақпаратын жария етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол белгілі экстрасенс Камран Самедовтің болжамын тыңдап, көңіл қуантатын мәлімет алмағанын айтты.
"Маңызды. Белгілі экстрасенс Камран жоғалып кеткен отбасыға қатысты жақсы нәрсе айтқан жоқ, қорқынышты. Лақ еткізіп оны баршаға мен де айта алмаймын", - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында полиция жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасын іздестіріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, отбасы мүшелерінің жоғалып кеткені туралы полицияға ресми арыз түспей тұрып, бес-алты ай бұрын олардың ұлы хабар-ошарсыз кеткен.
Ал күзде отбасының өзге мүшелері ауылдан кетіп қалған, олардың қайда бағыт алғанын ешкім білмейді.
Жоғалып кеткен отбасы мүшелеріне іздеу салынған, облыстық полиция департаменті жариялаған бағыттамаға сәйкес:
- 1959 жылғы Қарабалин Мақсот Мұқанғалиұлы;
- 1961 жылғы Өтешқалиева Нәсіп Бақытқызы;
- 1990 жылғы Қарабалина Мирамгүл Мақсотқызы;
- 1993 жылғы Мұқанғалиев Наурыз Мақсотұлы іздестіріліп жатыр.
ПД-ның мәліметінше, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына Атырау қаласының тұрғыны ағасы мен отбасының бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арызбен жүгінген.
Белгілісі Жангелді ауылының тұрғындары қараша айында үйлерінен белгісіз бағытқа қарай шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмаған.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ерлі-зайыпты мен олардың 33 және 35 жастағы балалары елдің оңтүстік аймағына бағыт алуы мүмкін.