Өткен жылы іздеуде жүрген 1600 қылмыскер ұсталды

/
Өткен жылы іздеуде жүрген 1600 қылмыскер ұсталды
istockphoto.com

2025 жылы халықаралық ынтымақтастық белсенді түрде дамыды. Қазақстан аумағынан тыс жерлерде соттан бой тасалап жүрген 156 қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сонымен қатар ел аумағында ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттердің сұрауы бойынша іздеуде болған 639 адам қолға түсті.

Бұл мемлекетаралық өзара іс-қимыл мен жедел ақпарат алмасудың тиімділігін айқын көрсетеді.

Ішкі істер министрлігі заң мен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Қылмыскерлерді іздестіру және ұстау — ведомство қызметінің негізгі басымдықтарының бірі.

2025 жылы түрлі қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 1 600-ден астам адам ұсталды.

Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру саласында да елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. 2025 жылы жоғалған деп есептелген 20 мыңнан астам адамның жүрген жері анықталды, олардың 6 мыңнан астамы — балалар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары