Солтүстік Қазақстан облысында соғыс ардагері өмірден өтті

/
Солтүстік Қазақстан облысында соғыс ардагері өмірден өтті
СҚО әкімдігі

Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Васильевич Щеглов өмірден озды, деп хабарлайды turkystan.kz.

СҚО әкімдігінің мәлімдеуінше, ардагерге 99 жасқа толуына небәрі бірнеше күн қалған еді. Ол өңірдегі соңғы ардагер болған. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ардагердің туған-туыстарына, жақындарына көңіл айтты.

Федор Васильевичтің өмірі – төзімділіктің, адалдықтың және Отанға шексіз сүйіспеншіліктің айқын үлгісі. Ол әскери жолын 17 жасында бастап, 371-ші атқыштар дивизиясының құрамында ауыр жылдарды өткерді. Соғыстан кейін құрылыс саласында еңбек етіп, бейбіт заманда да елге адал қызметін жалғастырды.

«Жыл сайын мен Федор Васильевичке барып тұратынмын. Оның әңгімелері - даналыққа, Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы еді. Сол естеліктер әрдайым жүрегімізде сақталады. Жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Федор Васильевичтің ерлігі, еңбегі және жарқын бейнесі солтүстікқазақстандықтардың жадында мәңгі сақталады!,- деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары