«ҚазАвтоЖол» республикадағы автожолдардағы жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
2026 жылғы 6 қаңтар сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 5 облыстағы 19 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылған:
Ақмола облысы
- «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған елді мекеніне дейін);
- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 537-552 шақырым аралығы (Бұзылық елді мекенінен Сұрған елді мекеніне дейін);
- «Жақсы — Есіл — Бұзылық» автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсай елді мекенінен Бұзылық елді мекеніне дейін);
- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 537-595 шақырым аралығы (Қостанай обл. шекарасы — Бұзылық елді мекені);
- «Көкшетау — Рузаевка» автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қ. — СҚО шекарасы);
- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 856-915 шақырым аралығы (Жақсы елді мекені — СҚО шекарасы);
- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 304-341 шақырым аралығындағы учаскесі (Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);
- «Көкшетау — Атбасар» автожолының 0-184 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан Атбасар қаласына дейін);
- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 242-304 шақырым аралығы (Щучинск қаласынан Көкшетау қаласына дейін);
- «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 18-234 шақырым аралығы (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін);
- «Жақсы — Есіл — Бұзылық» автожолының 0-71 шақырым аралығы (Жақсы елді мекенінен Ақсай елді мекеніне дейін);
- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 915-1002 шақырым аралығы (Атбасар елді мекенінен Жақсы елді мекеніне дейін).
Ақтөбе облысы
- «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Құлсары – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 11-337 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Атырау облысы шекарасы).
Атырау облысы
- «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Құлсары – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 337-346 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы).
Қостанай облысы
- «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автомобиль жолының 108-232 шақырым аралығындағы учаскесі (Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін).
Солтүстік Қазақстан облысы
- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 729-856 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін);
- «Көкшетау — Рузаевка» автожолының 61-196 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка елді мекеніне дейін);
- «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 595-673 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Тоқсан би елді мекеніне дейін);
- «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 341-473 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Бескөл елді мекеніне дейін).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 722 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.