«ҚазАвтоЖол» республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«2026 жылғы 6 қаңтарда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Қостанай, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтілуде. Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.