Алматыда бір апта іздеуде болған жасөспірім табылды

/
Алматыда бір апта іздеуде болған жасөспірім табылды
көрнекі сурет интернеттен алынды

Алматыда полиция қызметкерлері мен еріктілер 30 желтоқсанда жоғалып кеткен 14 жастағы Тигранды тапты. Бұл туралы 5 қаңтар кешкі уақытта мәлім болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Табылды! Тірі! Жетісу ауданы ПБ-ның ОКП қызметкерлері мен Алматы қаласы ПД, сондай-ақ “Қоғам” жасағы, еріктілер және туыстары бірлесіп тапты», — деп жазылған “Қоғам” жасағының парақшасында.

Бұған дейін жасөспірімнің 30 желтоқсанда жоғалып кеткені айтылған. Ол Есенов көшесіндегі үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткен.

Таныстарының айтуынша, Тигран телефонын жөндету үшін ЦУМ-ға бармақ болған. Алайда содан кейін байланысқа шықпай, телефоны өшіп қалған.

Ал полиция 5 қаңтар күні таңертең жасөспірімді іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлаған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары