Алматы облысында демалыс аймақтарының бірі өртенді

/
Алматы облысында демалыс аймақтарының бірі өртенді
көрнекі сурет интернеттен алынды

Бүгін Алматы облысының Талғар ауданы, Алатау ауылдық округінде орналасқан демалыс аймағының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтаған.

"Шақырту орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Жеткенде қонақ үйдің жануы анықталды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жылдам әрекеттерінің арқасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары