Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

/
Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді
istockphoto.com

Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 5 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 10:15-те Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында тіркелген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жер асты дүмпулерінің ошағы Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,7 балды құрады.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,2 болған. Эпицентрі Қордайдан солтүстік-шығысқа қарай 88 шақырым жерде орналасқан.

Еске салайық, 2025 жылғы 23 желтоқсанда қазақстандық сейсмологтар Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары