София Актаева семсерлесуден күміс жүлдеге ие болды

/
София Актаева семсерлесуден күміс жүлдеге ие болды
Фото: ҰОК

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы Софья Актаева Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ҰОК мәлімдеді.

Спортшы рапирамен семсерлесу жарысында екінші орын алды.

Актаева жартылай финалда Қытай спортшысы Ху Бейниді 15:8 есебімен жеңді.

Ал финалда қазақстандық спортшы Ресей өкілі Стефания Часовниковамен кездесті. Нәтижесінде ресейлік семсерлесуші 15:11 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Софья Актаева Әлем кубогі кезеңін күміс жүлдемен аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары