Қазақстандық теннисші, 21 жастағы Аружан Сағындықова жұптық сында Ахмедабад (Үндістан) ITF W15 турнирінің финалында ойнады.
Қазақстандық теннисші ресейлік Мария Головинамен бірге финалда доданың 1-ракеткалары, жапониялықтар Мана Кавамура – Хонока Кобаясимен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:3 есебімен басымдылық танытты. Аружан мен Мария екінші сетте есесін жібермеді - 6:2. Осылайша, Аружан Сағындықова жаңа жылдағы алғашқы титулына қол жеткізді.