1000 ойыншық көлік жинаған: Алматы тұрғыны ерекше хоббиі туралы айтты (ВИДЕО)

/
1000 ойыншық көлік жинаған: Алматы тұрғыны ерекше хоббиі туралы айтты (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Алматы тұрғыны Әділ Бейсембинов 20 жылдан бері коллекциялық автокөліктердің шағын нұсқасын жинап келеді. Қызықты коллекциядан әлемдік автомобиль өндірісінің бүкіл тарихын көруге болады, деп хабарлайды 24KZ арнасы.

Әділ Бейсембиновтың қонақ бөлмесіндегі серванттың барлық сөресі кішкентай машиналарға толы. Әрбір сөре белгілі бір кезең мен автокөлік түріне арналған. Кеңестік классикадан бастап қазіргі заманғы шетелдік көліктерге дейін бар.

Әділдің коллекциясы "Запорожец" көлігінің шағын көшірмесінен басталған. Дәл осындай автокөлік Әділдің атасында болған екен. Оны еске алу үшін сатып алынған ойыншық қызықты хоббидің бастауына айналған.

Коллекционерлер BMW модельдерін қатты жақсы көреді, өйткені кейбір машиналар жабық болады, ал мұнда нақты капоты ашылып, бәрі анық көрініп тұрады.

"BMW компаниясының бір ерекшелігі бар. BMW маркасын шығару үшін лицензия алатын өндірушілерге олар міндетті түрде капоты ашылатын модель жасауды талап еткен. Сол себепті қазір сатып алатын әрбір BMW үлгісінің капоты ашылады және ішінен қозғалтқышы көрінеді. Бұл өте қызықты ерекшелік", - дейді коллекционер Әділ Бейсембинов.

Әділ автокөліктер туралы сағаттап әңгіме айтуға бар. Ол әрбір модельді шығарылған жылынан бастап ең майда конструкциялық ерекшеліктеріне дейін біледі.

Әр айдың екінші сенбісінде Әділ өзі сияқты коллекционерлердің жиынына қатысады. Онда жасы мен мамандығы әртүрлі, бірақ техниканы жақсы көретін адамдар жиналады.

Коллекционерлердің талғамы әртүрлі: кеңестік "Волгалар" мен "буханка" аталып кеткен УАЗ көліктерінен бастап, шетелдік көліктерге, тіпті әскери техникаға дейін жинайды. Кейбіреулері коллекциясын толықтырып қана қоймай, модельдерді өз қолымен құрастырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары