Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылындағы тоғанда жасөспірім суға батып кетті. Төрт жасөспірім ойын кезінде жұқа мұзға шығып, байқаусызда мұз астына түсіп кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Алматы облысының ТЖД 112 пультіне Жамбыл ауданы Ұмбетәлі ауылындағы су қоймасына жасөспірімнің батқаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Оқиға орнына ТЖМ мен Қазақстан РЖҚЖ құтқарушылары шұғыл жетті. Анықталғандай, төрт жасөспірім ойын кезінде жұқа мұзға шығып, байқаусызда мұз астына түсіп кеткен.
Куәгер балықшы ойланбастан көмекке асығып, үш жасөспірімді судан шығарған. Өкінішке қарай, төртіншісін құтқара алмады. Оның денесін ТЖМ РЖҚЖ сүңгуірлері судан шығарып, полиция қызметкерлеріне табыстады", - делінген министрлік хабарламасында.
ТЖМ тұрғындарды абай болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:
Балаларды су қоймаларында қараусыз қалдырмаңыз;
Жұқа мұзға шықпаңыз;
Су объектілері маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыз.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.