Павлодарда «Жасыл тоғай» ауданында төбешіктен сырғанап жүрген 7 жастағы бала басын және аяғын жарақаттап алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға туралы Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенева мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл сырғанақ ресми түрде тіркелмеген, алайда маңында тюбинг жалға беру қызметі жұмыс істейді.
1 қаңтар күні бала анасы екеуі 2000 теңгеге алынған тюбингпен сырғанап, қоршауға соғылған.
Аталған қоршау биатлон ату алаңына арналған. Тюбингтер қоршауға жиі соғылатын жерлерге төсенішттер (маттар) қойылған — адамдар өз қауіпсіздігін өздері қамтамасыз етуге тырысып жүр.
«Билік өкілдері ресми түрде ондай сырғанақ жоқ екенін айтып отыр», — деді омбудсмен.
Қазір оқиға орнында полиция кезекшілік атқарып тұр, бірақ олар сырғанауды тыйым сала алмайды, себебі аумақ қоғамдық орын саналады.