Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара мен келіні Ләйлә Сұлтанқызы мен оның анасы жүргізетін подкастқа қатысты , деп хабарлайды turkystan.kz.
Әңгіме барысында әншінің жары таңғы ас тақырыбындағы сұрақтарға жауап берген.
«Сәкен таңғы асқа ыстық тамақ, соның ішінде сорпа ішеді. Сосын міндетті түрде бір кесек ет жейді. Осындай ерекшелікті келінімізге де айтып отырамын», – деді Динара Асылханқызы.
Оның осы жауабынан кейін Ләйлә Сұлтанқызы әншінің келініне күтпеген сауал қойды. Ол жас келіннен өз күйеуі де әкесі секілді таңғы асқа сорпа ішетінін немесе басқа талап қоятыны жайында сұраған. Бұл сұраққа ол бірден жауап қатты.
«Ой, жоқ! Әділет ондай емес. Ондай талап қоймайды», – деп жауап берді жас келін.